Цензурасыз Қазақстан

Қазақстандағы сөз бостандығын дамыту мен қорғау
Жоба жайлы

Жоба жайлы

«Цензурасыз Қазақстан» жобасы Қазақстандағы сөз бостандығын дамыту мен қорғауды көздейді. Сондай-ақ БАҚ пен азаматтық қоғам ұйымдарын оқыту нәтижесінде халықтың құқықтары мен цифрлық қауіпсіздігі туралы толығырақ әрі сенімді ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.
IWPR – жергілікті БАҚ өкілдеріні, тәуелсіз журналистер мен сөз еркіндігінің дамуына қолдау көрсететін халықаралық бейкоммерциялық медиа ұйым. IWPR бағдарламалары әлемнің 30 елінде жүзеге асады. Олардың қатарында Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Кавказ, Африка, Орталық Америка мен Оңтүстік-ышғыс Азия елдері бар. IWPR Орталық Азияда 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Қазақстандағы IWPR жайлы толығырақ білу
Еуропалық Одақ – Еуропаның 27 елінен тұратын экономикалық және саяси одақ. Ол – адамның қадір-қасиетін құрметтеу, бостандық, демократия, теңдік, заң үстемдігі және адам құқықтары, соның ішінде азшылық өкілдерінің құқықтарын құрметтеу құндылықтарына негізделген. Қоғам, қоршаған орта және экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін әркімнің пайдасына орай жаһандық деңгейде әрекет етеді.
ЕО жайлы толығырақ білу
Мақсат
Қазақстандағы сөз бостандығын ілгерілету мен қорғау
Міндеттер
  • Мемлекеттің, биліктің есеп беруін бірлесе отырып, қауіпсіз ілгерілету үшін тәуелсіз БАҚ пен жергілікті азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін күшейту.
  • Сөз бостандығы мен цифрлы құқықтар жайлы пікірталасқа қатысуы үшін ол жайлы қоғамдық түсінікті арттыру.
Негізгі мақсатты топ
  • Тәуелсіз журналистер, блогерлер мен өзге де БАҚ қызметкерлері;
  • Жергілікті азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам ұйымдары.
БЕНЕФИЦИАРЛАР
Қазақстан азаматтары, әсіресе құқықтары бұзылу қаупі жоғары топтар. Оларға әйелдер, ауыл тұрғындары мен этникалық азшылық топтар жатады.

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗ

 
Цифрлы құқықтар мен сөз бостандығы саласындағы зерттеу.
Цифрлы құқықтар мен сөз бостандығы саласындағы зерттеу.
Құқықтық шолу Цифрлық құқықтарды зерттеу Зерттеуге кері байланыс

Зерттеу цензура мен өзін-өзі цензура контекстінде БАҚ пен азаматтық қоғамға әсер ететін цифрлық құқықтар мен сөз бостандығына қатысты қолданыстағы заңнама, ережелердің нақты элементтеріне ден қойған. «Еркіндік қанаты» ҚҚ жетекшілігімен жасалатын зерттеуге мыналар кіреді:

  1. аналитикалық шолу;
  2. БАҚ қызметкерлері үшін онлайн сауалнама;
  3. айтылған тақырыптар бойынша сарапшылармен тереңдетілген сұхбаттар;
  4. диалог алаңдары арқылы деректер мен жоба дайындықтарын талдап болғаннан кейінгі  жабық топтық консультациялар.

Есептің соңғы нұсқасы қорытындыларын барынша тарату үшін орыс және қазақ тілдерінде таратылмақ. Қазіргі таңда зерттеу жұмысы жүріп жатыр. Есеп 2023 жылдың тамыз айында дайын болуы тиіс. Біз сіздің зерттеудің жүзеге асуына ат салысқаныңызға қуанамыз! Сол үшін онлайн-сауалнаманы толытруға шақырамыз. Сауалнамадан өту үшін сілтемеден өтуді сұраймыз.

 
Көпшілікті тарту үшін жасалатын шаралар
Көпшілікті тарту үшін жасалатын шаралар

Бұл іс-шаралар зерттеу нәтижелерін талқылау және тарату, сөз бостандығы мен цифрлық құқықтар туралы пікірталасқа қоғамның қатысуы мен өзара әрекеттесуін ынталандыру үшін өткізіледі.

  • 2023 жылы 27 наурызда Алматы қаласында жобаның басталуы мен зерттеудің басталуын талқылауға арналған пресс-ланч өтті;
  • 2023 жылы 14 сәуірде Алматыда «Қазақстандағы сөз бостандығы мен цифрлық құқықтарды нығайту үшін өзара әрекеттесу жолдарын іздеу» семинары өтті;
  • 2023 жылы 18 шілдеде Астана қаласында зерттеудің алдын ала нәтижелерін талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
  • 2024 жылғы 11 қазанда Қазақстандағы киберқауіпсіздік пен цифрлық құқықтар бойынша ақпараттық  науқандарының нәтижелеріне арналған онлайн-іс-шара өтті;
  • 2024 жылғы 28 қарашада Астанада белсенділердің, журналистердің, азаматтық қоғам өкілдерінің, серіктестер мен жобаның донорының қатысуымен «Жобаның қорытындылары мен тұрақтылық стратегиясы» атты қорытынды іс-шара өткізілді.

Өткен шаралар туралы қосымша ақпаратты «Іс-шаралар» бөлімінен табуға болады. Алдағы шаралар туралы толық ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісіне хабарласыңыз.

 
Журналистер мен азаматтық ұйымдарға арналған трениңдер
Журналистер мен азаматтық ұйымдарға арналған трениңдер

2023 жылы 4-5 қазанда өткен онлайн-трениңнен кейін БАҚ және азаматтық қоғам өкілдерінің әлеуетін күшейту бойынша «Цензурасыз Қазақстан» жобасы аясында Алматы (8-9 қараша, 2023 ж.) және Астана қаласында (17-18 қараша, 2023 ж.) екі күндік офлайн-трениң өтті. Трениң сөз еркіндігі, цифрлық құқықтар, физикалық және киберқауіпсіздік, цензура, өзін цензуралау сияқты тақырыптарды қамтыды. Журналистер мен азаматтық қоғам өкілдері треңниңде кәсіби қызметі нәтижесінде жеке өміріне енетін қауіп-қатерлерден өзін қалай қорғау керектігін, сондай-ақ құрылғыларын қалай қорғау керегін білді. Қатысушылар талқылауға белсене қатысып, алған білімдерін өз жұмыстарында қолдануға және оны әріптестерімен бөлісуге ниеттерін білдірді.

 
Уоркшоп
Уоркшоп

Трениң қатысушылардың арасынан 2024 жылғы 14-15 наурызда Алматы қаласында өткен уоркшопқа қатысу үшін ақпараттық науқандарды жүзеге асырудың маңызды әлеуеті мен машықтарын көрсеткен қатысушылар таңдалды.

Уоркшоптың бірінші күні халықты хабардар ету науқандары мен контент жасаудың қолданыстағы түрлері мен мысалдарын қарастырып, Қазақстандағы цифрлық құқықтар мен сөз еркіндігі саласындағы негізгі мәселелер мен қиындықтарды анықтады.

Екінші күні қатысушылар қолжетімді контент жасау үшін азаматтық қоғам мен медиа өкілдерінен тұратын аралас топтарда жұмыс істеді. Әр топ ақпараттық науқанның прототипін әзірледі.

Қатысушылар іс-шара туралы пікірлерінде ынтымақтастық пен цифрлық құқықтарды қорғаудың маңызын атап өтті.

 
Ақпараттық науқандар
Ақпараттық науқандар

Уоркшопқа қатысушылар әзірлеген жоспарлардың ішінен жоба аясында қаржылық және техникалық қолдау көрсету үшін конкурстық негізде 4 ақпараттық науқан таңдалды. Барлық науқандар халықтың цифрлық құқықтар мен киберқауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Ақпараттық науқандарды іске асыру мерзімі – 2024 жылдың мамыр-тамызы.

1-ші ақпараттық науқан: «Цифрлық сауаттылық: түймеден басуға дейін!»

  • TikTok-та үздік 10 эффект әзірлеушілердің қатарына кірді.
  • Науқан аясында аға буынды цифрлық құқықтарға үйретуге бағытталған «Бумерді үйрет» атты маска жасалды.
  • Nur.kz журналистері (Instagram-да 1 млн жазылушы) балалардың киберқауіпсіздігі туралы мақала сұрады.

2-ші ақпараттық науқан: «Цифрлық дауыстар: Ауыл жастарының мүмкіндіктерін кеңейту»

  • «Цифрлық қауіпсіздік: Жеке деректерді қалай қорғауға болады?» атты мақала қазақ тілінде «Орталық Қазақстан» өңірлік газетінде жарияланды.
  • Бас редактор тақырыпты әрі қарай зерттеу үшін жоғары бағалады.
  • Ақпараттық кампания аясында 38 медиапродукт жасалды.

3-ші ақпараттық науқан: «Балалар және желілер»

  • Балаларды онлайн-кеңістікте қорғау бойынша IT-маманмен және балалардың киберқауіпсіздігі туралы психологпен подкасттар жасалды.
  • Оқу жылы басталмай тұрып, Қарағандыда балалардың киберқауіпсіздігі бойынша мұғалімдерге арналған семинар ұйымдастыруға бастама көтерілді.

4-ші ақпараттық науқан: «#Цифрлық қамқорлық»

  • Жергілікті Киберқылмыспен күрес департаментімен ынтымақтастық орнатылды.
  • Цифрлық құқықтарды қорғау және алаяқтарға алданған жағдайда не істеу керектігі туралы 15 ақпараттық пост жарияланды.
  • Киберкеңістіктегі қауіптер туралы оқытатын бейнероликтер шығарылды.
 
Цифрлық құқықтар; сөз бостандығы және цифрлық қауіпсіздік тақырыбы бойынша материалдар мен мақалалар
Цифрлық құқықтар; сөз бостандығы және цифрлық қауіпсіздік тақырыбы бойынша материалдар мен мақалалар
Оқу

Цифрлық құқықтар; сөз бостандығы және цифрлық қауіпсіздік тақырыбы бойынша материалдар мен мақалалар

Мақалалар мен материалдар

Қазақстанда «ақ хакерлер» институты қалай жұмыс істейді?

Қазақстандағы «ақ хакерлер» жеке ғана емес, мемлекеттік компаниялардың да ақпараттық жүйелерін заңды түрде «бұза алады». Олар бұл құқыққа 2023 жылдың желтоқсанында, басқалармен қатар, «ақ хакерлердің» жұмысын реттейтін заңнамалық түзетулер күшіне енген кезде ие болды....
Оқу

Қазақстан: ЛГБТК+ қауымдастығына қалай «халық жауларын» таңуда және олар мұны не үшін жасап жатыр

Қазақстандағы арнайы сайтта ЛГБТ насихатына қарсы петиция жарияланғанына бір айдан аз уақыт өтті. Аз ғана уақыт ішінде петиция 50 мың қол жинады. Бұл мемлекеттік органдардың өтінішті қарап, кез келген шешім қабылдауы үшін...
Оқу

Қазақстандық журналисті өлтіруге тапсырыс бергендер табыла ма?

Қастандық жасалғаннан кейін 2024 жылдың екінші шілдесінде қазақстандық журналист Айдос Садықов көз жұмды. Айдос Садықовты кім әрі неге өлтірді, оны өлтіруге тапсырыс бергендер табыла ма? – CABAR.asia талдап көрді.
Оқу

Іс-шаралар

Ынтымақтастық Серіктестік

Сіз цифрлық құқықтар мен сөз бостандығы зерттеуі аясында жүргізілген онлайн сауалнамадағы бірнеше сұраққа жауап беру арқылы өз үлесіңізді қоса аласыз. Сауалнаманы алу үшін жоба үйлестірушісіне жазу керек.
Сіз жоба аясында өткізілетін онлайн немесе офлайн тренингілерге, семинарларға не дөңгелек үстелдерге қатыса аласыз. Толық ақпарат «Іс-шаралар» бөлімінде жарияланады.
Сіз жоба аясында ақпараттық кампанияларды өткізу үшін берілетін шағын гранттың иесі атана аласыз. Үміткерлер тренингілер мен семинарларға қатысушылар арасынан іріктеледі.
Сіз Қазақстандағы цифрлық құқықтар, сөз бостандығы не цифрлық қауіпсіздік туралы мақаланың авторы бола аласыз. Бізге материалдардың тақырыптарын (асып бара жатса 2 абзацтан тұратын ой) немесе дайын мәтінді (асып бара жатса 7 мың таңба) мына поштаға жіберіңіз: tatiana.trubacheva@iwpr.net. Біз сіздің хатыңызға міндетті түрде жауап беріп, сіздің мәтініңізді/мақалаңызды алып-алмайтынымызды хабарлаймыз, бірақ редакция бас тарту себептерін түсіндірмеуге құқылы.
Сіз жоба аясындағы серіктестік нұсқаңызды жобаның үйлестірушісіне хат жазу арқылы ұсына аласыз.

Жоба үйлестірушісінің байланыспоштасынтарын веб-сайттың тиісті бөлімінен табуға болады.