Цензурасыз Қазақстан

Қазақстандағы сөз бостандығын дамыту мен қорғау
Жоба жайлы

Жоба жайлы

«Цензурасыз Қазақстан» жобасы Қазақстандағы сөз бостандығын дамыту мен қорғауды көздейді. Сондай-ақ БАҚ пен азаматтық қоғам ұйымдарын оқыту нәтижесінде халықтың құқықтары мен цифрлық қауіпсіздігі туралы толығырақ әрі сенімді ақпаратқа қолжетімділігін арттыру.
IWPR – жергілікті БАҚ өкілдеріні, тәуелсіз журналистер мен сөз еркіндігінің дамуына қолдау көрсететін халықаралық бейкоммерциялық медиа ұйым. IWPR бағдарламалары әлемнің 30 елінде жүзеге асады. Олардың қатарында Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Кавказ, Африка, Орталық Америка мен Оңтүстік-ышғыс Азия елдері бар. IWPR Орталық Азияда 1999 жылдан бері жұмыс істейді.
Қазақстандағы IWPR жайлы толығырақ білу
Еуропалық Одақ – Еуропаның 27 елінен тұратын экономикалық және саяси одақ. Ол – адамның қадір-қасиетін құрметтеу, бостандық, демократия, теңдік, заң үстемдігі және адам құқықтары, соның ішінде азшылық өкілдерінің құқықтарын құрметтеу құндылықтарына негізделген. Қоғам, қоршаған орта және экономиканың тұрақты дамуына жәрдемдесу үшін әркімнің пайдасына орай жаһандық деңгейде әрекет етеді.
ЕО жайлы толығырақ білу
Мақсат
Қазақстандағы сөз бостандығын ілгерілету мен қорғау
Міндеттер
  • Мемлекеттің, биліктің есеп беруін бірлесе отырып, қауіпсіз ілгерілету үшін тәуелсіз БАҚ пен жергілікті азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін күшейту.
  • Сөз бостандығы мен цифрлы құқықтар жайлы пікірталасқа қатысуы үшін ол жайлы қоғамдық түсінікті арттыру.
Негізгі мақсатты топ
  • Тәуелсіз журналистер, блогерлер мен өзге де БАҚ қызметкерлері;
  • Жергілікті азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғаушылар мен азаматтық қоғам ұйымдары.
БЕНЕФИЦИАРЛАР
Қазақстан азаматтары, әсіресе құқықтары бұзылу қаупі жоғары топтар. Оларға әйелдер, ауыл тұрғындары мен этникалық азшылық топтар жатады.

БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗ

 
Цифрлы құқықтар мен сөз бостандығы саласындағы зерттеу.
Цифрлы құқықтар мен сөз бостандығы саласындағы зерттеу.
Құқықтық шолу Цифрлық құқықтарды зерттеу Зерттеуге кері байланыс

Зерттеу цензура мен өзін-өзі цензура контекстінде БАҚ пен азаматтық қоғамға әсер ететін цифрлық құқықтар мен сөз бостандығына қатысты қолданыстағы заңнама, ережелердің нақты элементтеріне ден қойған. «Еркіндік қанаты» ҚҚ жетекшілігімен жасалатын зерттеуге мыналар кіреді:

  1. аналитикалық шолу;
  2. БАҚ қызметкерлері үшін онлайн сауалнама;
  3. айтылған тақырыптар бойынша сарапшылармен тереңдетілген сұхбаттар;
  4. диалог алаңдары арқылы деректер мен жоба дайындықтарын талдап болғаннан кейінгі  жабық топтық консультациялар.

Есептің соңғы нұсқасы қорытындыларын барынша тарату үшін орыс және қазақ тілдерінде таратылмақ. Қазіргі таңда зерттеу жұмысы жүріп жатыр. Есеп 2023 жылдың тамыз айында дайын болуы тиіс. Біз сіздің зерттеудің жүзеге асуына ат салысқаныңызға қуанамыз! Сол үшін онлайн-сауалнаманы толытруға шақырамыз. Сауалнамадан өту үшін сілтемеден өтуді сұраймыз.

 
Көпшілікті тарту үшін жасалатын шаралар
Көпшілікті тарту үшін жасалатын шаралар

Бұл іс-шаралар зерттеу нәтижелерін талқылау және тарату, сөз бостандығы мен цифрлық құқықтар туралы пікірталасқа қоғамның қатысуы мен өзара әрекеттесуін ынталандыру үшін өткізіледі.

  • 2023 жылы 27 наурызда Алматы қаласында жобаның басталуы мен зерттеудің басталуын талқылауға арналған пресс-ланч өтті;
  • 2023 жылы 14 сәуірде Алматыда «Қазақстандағы сөз бостандығы мен цифрлық құқықтарды нығайту үшін өзара әрекеттесу жолдарын іздеу» семинары өтті;
  • 2023 жылы 18 шілдеде Астана қаласында зерттеудің алдын ала нәтижелерін талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылды;
  • 2024 жылы Алматыда Open Space алаңы мен Астанада жоба жабылуына орай іс-шара өткізу жоспарлануда.

Өткен шаралар туралы қосымша ақпаратты «Іс-шаралар» бөлімінен табуға болады. Алдағы шаралар туралы толық ақпарат алу үшін жоба үйлестірушісіне хабарласыңыз.

 
Журналистер мен азаматтық қоғам ұйымдарына арналған тренингілер
Журналистер мен азаматтық қоғам ұйымдарына арналған тренингілер

Тренингілер сериясының басталуы 2023 жылдың күзіне жоспарланған. Тренингілердің тақырыптары зерттеу аяқталғаннан кейін анықталады.

 
Уоркшоп
Уоркшоп

Тренингілер сериясына қатысушылардың арасынан сөз бостандығы мен цифрлық құқықтарға қатысты бағдарламаларды жүзеге асыруда айтарлықтай әлеуеті мен дағдыларын көрсеткен өкілдер іріктеліп алынады. 2 күндік уоркшоп барысында қатысушылар цифрлық құқықтар мен сөз бостандығы өз қауымдастықтарында не жұмыс салаларында белгілі бір мәселе болатын негізгі мәселелерді анықтайды. Уоркшоп қатысушылар арасында ұзақ мерзімді байланыстар құруға көмектеседі әрі қатысушыларға ақпараттық кампаниялар жоспарларын әзірлеуге, негізгі ойларды анықтауға, сондай-ақ жұмыстың қалай жалғасатынын келісуге мүмкіндік беретін практикалық жаттығуларға ден қояды.

 
Ақпараттық кампаниялар
Ақпараттық кампаниялар

Уоркшоп барысында әзірленген жоспарлар негізінде таңдалған азаматтық қоғам ұйымдары цифрлық құқықтар мен сөз бостандығы туралы халықты ақпараттандыру кампаниялар жүргізу үшін IWPR-дан қаржылық әрі техникалық қолдау алады. 4-ке дейін Қоғамдық ұйымдарға қолдау көрсетіледі деп жоспарлануда. Олар оқудан өткен журналистермен, БАҚ қызметкерлерімен әрі блогерлермен бірлесіп жұмыс істейді деп күтілуде.

 
Цифрлық құқықтар; сөз бостандығы және цифрлық қауіпсіздік тақырыбы бойынша материалдар мен мақалалар
Цифрлық құқықтар; сөз бостандығы және цифрлық қауіпсіздік тақырыбы бойынша материалдар мен мақалалар
Оқу

Цифрлық құқықтар; сөз бостандығы және цифрлық қауіпсіздік тақырыбы бойынша материалдар мен мақалалар

Мақалалар мен материалдар

«Еркіндік Қанаты» ҚҚ мен IWPR Қазақстандағы ақпаратқа қолжетімділік пен сөз еркіндігі туралы зерттеу жүргізді

Қазақстандағы сөз және пікір еркіндігін, сондай-ақ БАҚ-ты реттейтін тиісті заңнама ескірген және заманауи талаптарға сай емес, ал медиасектор мен азаматтық қоғамдастық БАҚ пен сөз еркіндігіне қатысты нормаларды жақсы білмейді. Авторлар осындай қорытындыға...
Оқу

Есік жабық: Қазақстандағы журналистердің маңызды ньюсмейкерлермен тілдесуін шектеген

Қазақстан журналистері кейде дәліздерде қашып бара жатқан министрлерді қуып жетіп, жоғары лауазымды шенеуніктерге сұрақ қою үшін лифттерге қысылып, кез келген қоғамдық іс-шарадан полиция бөліміне алып кетуі мүмкін екеніне ​​үнемі дайын жүруге мәжбүр....
Оқу

Жаңа медиа Қазақстандағы билікке қалай әсер етіп жүр?

Біз жай ғана хабарлап қоймаймыз – Қазақстандағы жаңа медианың жұмыс істеу принципін осылай сипаттауға болады. Олар қоғам мен билік арасында байланыс орнатуға тырысып, шенеуніктер өз міндеттеріне көзқарасын қайта қарауы үшін атсалысып жүр....
Оқу

Іс-шаралар

Ынтымақтастық Серіктестік

Сіз цифрлық құқықтар мен сөз бостандығы зерттеуі аясында жүргізілген онлайн сауалнамадағы бірнеше сұраққа жауап беру арқылы өз үлесіңізді қоса аласыз. Сауалнаманы алу үшін жоба үйлестірушісіне жазу керек.
Сіз жоба аясында өткізілетін онлайн немесе офлайн тренингілерге, семинарларға не дөңгелек үстелдерге қатыса аласыз. Толық ақпарат «Іс-шаралар» бөлімінде жарияланады.
Сіз жоба аясында ақпараттық кампанияларды өткізу үшін берілетін шағын гранттың иесі атана аласыз. Үміткерлер тренингілер мен семинарларға қатысушылар арасынан іріктеледі.
Сіз Қазақстандағы цифрлық құқықтар, сөз бостандығы не цифрлық қауіпсіздік туралы мақаланың авторы бола аласыз. Бізге материалдардың тақырыптарын (асып бара жатса 2 абзацтан тұратын ой) немесе дайын мәтінді (асып бара жатса 7 мың таңба) мына поштаға жіберіңіз: tatiana.trubacheva@iwpr.net. Біз сіздің хатыңызға міндетті түрде жауап беріп, сіздің мәтініңізді/мақалаңызды алып-алмайтынымызды хабарлаймыз, бірақ редакция бас тарту себептерін түсіндірмеуге құқылы.
Сіз жоба аясындағы серіктестік нұсқаңызды жобаның үйлестірушісіне хат жазу арқылы ұсына аласыз.

Жоба үйлестірушісінің байланыспоштасынтарын веб-сайттың тиісті бөлімінен табуға болады.